Қоғам тыныштығын сақтайық

 

Менің ойымша, діни немесе ұлтаралық араздықты қоздыру – қоғамның бірлігі мен тұрақтылығына қауіп төндіретін аса қауіпті құқық бұзушылық. Әрбір азаматтың дініне, ұлтына және мәдениетіне құрметпен қарау – бейбіт өмір сүрудің басты қағидаларының бірі.

Көпұлтты және көпконфессиялы қоғамда татулық пен өзара сыйластықтың маңызы зор. Араздықты қоздыратын әрекеттер адамдар арасындағы сенімге сызат түсіріп, қоғамдағы келісім мен тұрақтылықты әлсіретеді. Сондықтан мұндай әрекеттерге жол бермей, бірлік пен ынтымақты нығайтуға үлес қосу әркімнің азаматтық жауапкершілігі деп санаймын.

Татулық пен келісім үстемдік құрған жерде ғана қоғам дамып, елдің болашағы жарқын болады.

 Нұрайым Садуахасқызы

Жастар ресурстық орталығының маманы

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT