Құмар ойын – тәртіпке қауіп

Лудомания – бүгінгі қоғамдағы ең өзекті мәселелердің бірі. Құмар ойынға тәуелділік адамды тек қаржылық қиындыққа ғана емес, моральдық, психологиялық күйзеліске де ұшыратады. Жеке тұлға ретінде менің ойымша, бұл тек бір адамның мәселесі емес, бүкіл қоғамның қауіпсіздігі мен тұрақтылығына әсер ететін күрделі құбылыс.

 Құмар ойынға әуестену көбіне оңай ақша табуға деген иллюзиядан басталады. Алайда уақыт өте келе адам өзінің табысын ғана емес, отбасын, абыройын, тіпті болашағын да құрбан етуі мүмкін. Лудоманияға шалдыққан жандар көбінесе қарызға батып, заң бұзушылықтарға баруы ықтимал. 

 Сондықтан мұндай тәуелділіктің алдын алуда заңның рөлі ерекше. Мемлекет тарапынан құмар ойындарға шектеу қою, жарнамасын азайту, онлайн платформаларды бақылау – өте маңызды қадамдар. Бірақ заңмен ғана шектеліп қалмай, әр адам өз жауапкершілігін сезінуі тиіс. Себебі тәртіп – алдымен адамның өз ішкі мәдениеті мен санасынан басталады.

     «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Атырау облыстық филиалының аудандық басқарма басшысы 

             Ақмарал Нұрғалиева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT