Өз құқығын білетін адам өзгенің де құқығын құрметтейді.
Сондықтан құқықтық сауаттылық – әділетті әрі қауіпсіз қоғам қалыптастырудың маңызды негіздерінің бірі. Әр азамат заң талаптарын біліп қана қоймай, оның маңызын түсінуі қажет. Құқық пен міндетті қатар ұстану – жауапты азаматтың басты ұстанымы. Әсіресе, жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру – бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі.Заңды білу адамға түрлі жағдайларда дұрыс шешім қабылдауға, өз құқығын қорғауға және жауапкершілікті сезінуге мүмкіндік береді. Құқықтық сауаты жоғары қоғамда заң бұзушылықтың алдын алу да нәтижелі болады.
Айдана Мақашова, Жылыой ауданы тұрғыны



