Құқықтық мәдениет – қауіпсіз қоғамның негізі

 
     Құқықтық мәдениет – азаматтың заңды білуімен ғана емес, оны күнделікті өмірде сақтай білуімен өлшенетін маңызды құндылық. Заң талаптарын орындау қоғамдағы өзара сенімді нығайтып, қоғамдық тәртіптің сақталуына ықпал етеді.
      Қазіргі таңда интернет алаяқтығы, киберқылмыс, қаржылық алаяқтық сияқты құқық бұзушылық түрлері көбейіп келеді. Осындай қауіптердің алдын алу үшін әрбір азамат құқықтық сауатын арттырып, сақтық шараларын ұстануы қажет. Бейтаныс адамдарға жеке мәліметтерді бермеу, күмәнді сілтемелерге өтпеу, ақпараттың шынайылығын тексеру – қарапайым болғанымен өте маңызды қағидалар. Заң мен тәртіп тек құқық қорғау органдарының жұмысына ғана байланысты емес. Әрбір адамның жауапкершілігі мен заңға деген құрметі қоғамдағы қауіпсіздік деңгейін айқындайды. Құқықтық мәдениеті жоғары қоғамда қылмыс азайып, азаматтардың мемлекетке деген сенімі артады.
       Сондықтан заңды білу ғана емес, оны бұлжытпай орындау – әр азаматтың азаматтық парызы. Бұл – қауіпсіз әрі тұрақты қоғам қалыптастырудың ең тиімді жолы.
Мұхтар Баймұратұлы, Жылыой ауданы тұрғыны

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT