Құқықтық мәдениет – қауіпсіз қоғам кепілі

Заңды білу және оны сақтау – әр азаматтың азаматтық парызы. Құқықтық мәдениеті жоғары қоғамда тәртіп те, тұрақтылық та берік болады. Сондықтан құқықтық сауаттылықты арттыру – уақыт талабы.

Қазіргі таңда құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түрлі түсіндіру жұмыстары, кездесулер мен акциялар ұйымдастырылып келеді. Бұл шаралар азаматтардың заң алдындағы жауапкершілігін арттырып, қоғамдық тәртіпті нығайтуға бағытталған.

Әсіресе жасөспірімдер арасында заңға құрмет қалыптастыру маңызды. Себебі тәртіпке бағынған жас – елдің ертеңі. Әр адам өз құқығын біліп қана қоймай, өзгенің де құқығына құрметпен қарауы қажет.

Заң мен тәртіпке бағыну арқылы ғана қауіпсіз әрі дамыған қоғам қалыптастыра аламыз.


Д.ІЗБАСАР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT