Құқықтық сауаттылық – қазіргі қоғамдағы әр азаматқа қажет маңызды қасиет.
Өз құқығын білетін адам заңсыздыққа бейжай қарамайды және өзіне тиесілі мүмкіндіктерді дұрыс пайдалана алады. Менің ойымша, заңды білу – тек заңгерлерге қажетті білім емес. Күнделікті өмірде еңбек ету, білім алу, қызмет тұтыну немесе қоғамдық ортада жүріп-тұру барысында әрқайсымыздың құқығымыз бен міндетіміз бар.
Сондықтан құқықтық мәдениетті арттыруды бала кезден қалыптастыру маңызды. Заңды білетін, әділдікті бағалайтын және жауапкершілікті сезінетін азаматтар көбейген сайын қоғамдағы тәртіп те нығая түседі. Заңды білу – өзіңді ғана емес, айналаңдағы адамдардың құқығын да қорғауға мүмкіндік береді.
Айболат Қарабатыров, Жылыой ауданы тұрғыны



