Киберқылмыс – заманның жаңа қауіпі

Қазіргі таңда интернет пен цифрлық технологиялар өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Алайда олардың дамуы киберқылмыс сияқты жаңа қауіптердің пайда болуына себеп болды. 

 Менің ойымша, киберқылмыс – қоғамға үлкен зиян келтіретін құқық бұзушылықтардың бірі. Себебі алаяқтар жеке деректерді ұрлап, азаматтардың қаржылық шығынға ұшырауына және ақпараттық қауіпсіздіктің бұзылуына әкеледі. 

Сондықтан әр адам интернетті пайдалану кезінде сақтық шараларын ұстанып, күмәнді сілтемелерге өтпеуі, жеке мәліметтерін бөтен адамдарға бермеуі қажет. Киберқауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру арқылы ғана біз өзімізді және қоғамды мұндай қылмыстардан қорғай аламыз деп есептеймін.

       Гүлназ Асылбекқызы
  Қала әкімі аппаратының бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT