Кибербуллинг әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде немесе интернет платформаларда бір адамды қорлау, қорқыту, мазақ ету немесе әдейі психологиялық қысым көрсету. Бұл буллингтің ең қауіпті түрлерінің бірі, себебі ол кез келген жерде және кез келген уақытта жалғасуы мүмкін.
Мұндай жағдайдың алдын алу үшін цифрлық сауаттылық өте маңызды. Бейтаныс адамдармен сақ болу, жеке ақпаратты жарияламау, арандатушылыққа жауап бермеу және қажет болса, әкімшілікке немесе құқық қорғау органдарына жүгіну керек.
Кибербуллингпен күрес тек заң арқылы емес, әр адамның мәдениеті мен жауапкершілігі арқылы жүзеге асады. Интернеттегі әр сөзіміз – нақты әсері бар әрекет. Сондықтан онлайн ортада да құрмет пен адамгершілік қағидаларын сақтау – қазіргі заманның маңызды талабы.
Роман Омаров



