Референдум – ел өміріндегі маңызды шешімдерді халықтың өзі қабылдайтын демократиялық үдеріс. Менің ойымша, мұндай маңызды мәселелерді бүкіл халықтың талқысына салу – әділ әрі дұрыс қадам.
Референдумға қатысу арқылы әрбір адам өзінің азаматтық ұстанымын білдіреді. Бұл – қоғамдағы белсенділікті арттырып қана қоймай, халықтың ел болашағына деген жауапкершілігін де күшейтеді.
Меніңше, референдум – халық пен билік арасындағы сенімді нығайтатын маңызды құрал. Сондықтан мұндай саяси науқандарға бейжай қарамай, әркім өз дауысын беріп, ел болашағына қатысты шешім қабылдауға атсалысуы керек деп есептеймін.
Қала тұрғыны
Баққали Зиядинов


