Халық үніне құлақ асу – басты міндет

Мемлекет басшысы биыл 15 наурызда қабылданған Конституция ережелерін жүзеге асыру мақсатында форум өткізді. Аталған жиында мемлекет пен қоғам арасындағы бірлікті нығайту, өзара сенім мен ашық диалогты дамыту мәселелері кеңінен сөз болды.

Менің жеке пікірім бұл – өте маңызды ұстаным. Себебі қоғамдағы тұрақтылық тек заң арқылы ғана емес, халықтың билікке деген сенімі арқылы да қалыптасады.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы дұрыс бағыт деп есептеймін. Егер азаматтардың өтініштері дер кезінде қаралып, нақты шешімдер қабылданса, әлеуметтік наразылық азайып, әділеттілікке деген сенім күшейе түседі.

Дегенмен, мұндай бастамалар тек сөз жүзінде қалмай, нақты істермен дәлелденуі қажет. Әр деңгейдегі шенеуніктердің жауапкершілігі артып, ашықтық шынайы түрде жүзеге асқанда ғана мемлекет пен қоғам арасындағы тұтастық нығаяды.
  
             Ризангүл Атинова 
   Аудандық мәслихат депутаты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT