Халық үні – референдум арқылы

Конституциялық референдум – елдің болашағына бейжай қарамайтын әрбір азамат үшін маңызды қадам. Өйткені Ата заңға енгізілетін өзгерістер тек бүгінгі күнді емес, ертеңгі ұрпақтың өміріне де әсер етеді. 

 Референдум – бұл халықтың пікірін ескерудің нақты көрінісі. Әр азамат өз дауысын беру арқылы мемлекет дамуына үлес қосады. Меніңше, ел тағдырына қатысты маңызды өзгерістерді бүкіл халықтың талқысына салу – демократиялық қоғамның белгісі.

 Мен бұл бастаманы қолдаймын. Себебі халықтың пікірімен қабылданған шешім әрқашан да берік әрі әділ болады деп сенемін. Еліміздің тұрақты дамуы мен жарқын болашағы үшін мұндай маңызды саяси науқанға әр адам белсенді қатысуы керек деп ойлаймын.

                                      Қала тұрғыны
                               Аманқос Айтбаев

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT