Халық Кеңесі – қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайтатын жаңа алаң

Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясының өтуі – еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі.

Жаңа институттың басты міндеттерінің бірі – қоғам мен мемлекет арасындағы өзара байланысты нығайтып, азаматтардың пікірін ортақ талқылауға шығаруға мүмкіндік беру.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халық Кеңесі құрамына кәсіби білімі мен өмірлік тәжірибесі мол азаматтар енгенін атап өтті. Кеңестің төрағасы болып Ерлан Қошановтың сайлануы да сессияның маңызды шешімдерінің бірі болды. 

Халық Кеңесінің жұмысы елдегі қоғамдық келісім мен бірлікті одан әрі нығайтуға, халықтың үнін естуге және маңызды мәселелерді ашық талқылауға жол ашатын алаң ретінде маңызды. Әртүрлі сала өкілдерінің бір ортаға жиналып, ел болашағына қатысты мәселелерді талқылауы – өзара түсіністік пен ортақ жауапкершілікті қалыптастыруға ықпал етеді.

Халықтың үні естіліп, қоғам мен билік арасында сындарлы диалог орнаған жағдайда ғана елдің тұрақты дамуына берік негіз қалыптасады. Халық Кеңесінің алғашқы сессиясы осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі деп бағалауға болады.

Ж.ӘБДІКӘРІМОВА 

"Кең Жылой" газетінің жауапты хатшысы

 

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT