Қазіргі таңда алаяқтық қылмыс қоғамға үлкен кесапатын тигізіп отыр. Себебі алаяқтар адамдардың сенімін пайдаланып, ақшасын немесе мүлкін алдап алып қояды.
Бүгінде интернет арқылы жасалатын алаяқтық түрлері көбейіп кетті. Атап айтсақ жалған хабарламалар, телефон қоңыраулары, онлайн несие рәсімдеу, жалған сайттар мен лотереялар жиі кездеседі.
Олар тек материалдық шығын ғана емес, адамның психологиялық жағдайына да әсер етеді. Алданған адам сенімсіз болып, қорқыныш пен күйзеліске түседі. Сондықтан әр адам сақ болып, жеке мәліметтерін бөтен адамдарға бермеуі керек.
Мен алаяқтықпен күресу үшін заңды күшейтіп қана қоймай, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыуды маңызды деп ойлаймын. Әсіресе жастар мен қарт адамдарға интернет қауіпсіздігі туралы көбірек түсіндіру қажет. Заң мен тәртіп сақталған қоғамда адамдар өздерін қауіпсіз сезінеді.
Думан Мұратұлы
Жылыой аудандық мешітінің бас имамы


