Қазақстан мен Қытай: стратегиялық серіктестіктің жаңа белесі

Қазақ-қытай стратегиялық серіктестігінің қазіргі деңгейі мен болашағы туралы маңызды сұхбат.

Әсіресе сауда-экономикалық байланыстарды жаңа деңгейге көтеру, көлік-логистика, цифрландыру, жасанды интеллект және технологиялық ынтымақтастық бағыттарына басымдық берілуі көңілге қонымды.

Қазақстанның Еуразиядағы көлік-логистикалық хабқа айналу мақсаты мен Қытаймен бірлескен заманауи жобалардың жүзеге асуы ел экономикасы үшін үлкен мүмкіндіктер ашады. Сонымен қатар жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды дамытуға ерекше мән берілуі – заман талабына сай маңызды қадам.

Екі ел арасындағы өзара сенім мен достықтың нығая түсуі Қазақстанның экономикалық дамуына, жаңа технологияларды игеруіне және халықаралық аренадағы ынтымақтастықтың артуына оң ықпал етеді деп ойлаймын. Ең бастысы, бұл серіктестіктің нақты нәтижесі халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталса, екі ел үшін де тиімді болары сөзсіз.

 

Мирова Анар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT