Есірткі – қоғамның болашағына үлкен қауіп төндіретін кесел. Ол адамның денсаулығын ғана емес, оның өмірін, отбасын және болашағын құртады. Өкінішке қарай, жеңіл қызығушылықпен немесе достардың ықпалымен есірткіге тәуелді болып қалған жастар аз емес.
Мұндай зиянды әдет адамның оқуына, жұмысына және қоғамдағы орнына кері әсер етеді. Сондықтан есірткінің зияны туралы түсіндіру жұмыстарын күшейту өте маңызды. Әрбір жас өз өмірінің құндылығын түсініп, зиянды әдеттерден аулақ болуы қажет. Салауатты өмір салтын ұстану, спортпен айналысу және пайдалы істермен шұғылдану – есірткіге қарсы күрестің ең тиімді жолы. Есірткісіз өмір жарқын болашақтың кепілі.
Зарифа Шамшадинқызы



