Адам саудасы – адам құқықтарын өрескел бұзатын ең ауыр қылмыстардың бірі. Өкінішке қарай, бүгінгі таңда жұмысқа орналастыру, жақсы табыс табу немесе шетелге шығу сияқты жалған уәделерге сеніп, алаяқтардың құрбаны болып жатқандар кездеседі.
Сондықтан әр азамат өз қауіпсіздігіне мұқият қарап, күмәнді ұсыныстарға сақтықпен қарауы қажет деп ойлаймын. Бұл қылмыстың алдын алу үшін халықтың құқықтық сауаттылығын арттырып, түсіндіру жұмыстарын жиі жүргізу маңызды.
Адам саудасына қоғам болып қарсы тұрып, бір-бірімізге бейжай қарамауымыз керек. Адамның бостандығы мен қадір-қасиеті бәрінен қымбат.
Гүлбану Ерболатқызы
Музейдің қор сақтаушы маманы



