Адам саудасы – адамның бостандығы мен қадір-қасиетіне қол сұғатын ауыр қылмыс.
Мұндай заңсыз әрекеттердің құрбанына кез келген адам айналуы мүмкін. Сондықтан азаматтар күмәнді жұмыс ұсыныстарына, жалған уәделерге сақтықпен қарап, өз құқықтарын жақсы білуі қажет. Адам саудасының алдын алу үшін қоғамда құқықтық сауаттылықты арттырып, бұл қылмысқа қарсы күресті күшейту маңызды деп санаймын. Әр адамның қауіпсіздігі мен еркіндігі қорғалуға тиіс.
Саламат Жәнібекұлы Аудандық «Қазақ Зағиптар Қоғы» филиалының басшысы


