Менің ойымша, көлікке отырған кезде қауіпсіздік белдігін тағу – полициядан қорыққандықтан немесе айыппұлдан қашу үшін жасалатын әрекет болмауы керек. Бұл – ең алдымен, өз өміріңе деген жауапкершілік.
Кейбір адамдар «жақын жерге ғана барамын», «баяу келе жатырмын» деп белдік тағуды қажет деп санамайды. Бірақ жолдағы жағдайды алдын ала болжау мүмкін емес. Бір сәттік оқиға адамның өмірін түбегейлі өзгертуі мүмкін.
Сондықтан жол қауіпсіздігіне қатысты әр талапты шектеу ретінде емес, адам өмірін қорғауға бағытталған қарапайым ереже ретінде қабылдаған дұрыс.
Абылайхан Тлепиев
Қосшағыл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы



