Біреудің көлігіне, үйіне, қоғамдық нысанға немесе басқа да мүлікке әдейі зиян келтіру арқылы адамның еңбегі мен меншігіне құрметсіздік танытылады.
Кейде адамдар ашуға беріліп немесе әзіл ретінде біреудің затын бүлдіруі мүмкін. Бірақ оның артында басқа адамға келетін материалдық шығын және моральдық зиян тұратынын ескеру қажет. Әрбір заттың артында біреудің еңбегі, уақыты мен қаражаты бар.
Меніңше, кез келген адам өзгенің мүлкіне өз мүлкіндей ұқыпты қарауы керек. Егер қандай да бір мәселе немесе түсініспеушілік туындаса, оны күш қолдану немесе мүлікті бүлдіру арқылы емес, сабырмен және заң аясында шешкен дұрыс.
Еркебұлан Қаржаубаев
Қала әкімі аппаратының бас маманы



