Қазіргі таңда жоғары табысқа оңай қол жеткізуді ұсынатын түрлі қаржылық жобалар кездеседі. Осындай ұсыныстарға тап болған кезде асығыс шешім қабылдамай, ұйымның қызметін мұқият тексеру қажет деп есептеймін.
Қаржылық пирамидалардан сақтанудың ең тиімді жолы – қаржылық сауаттылықты арттыру және кез келген ұсыныстың заңдылығына көз жеткізу. «Аз уақытта көп пайда» деген уәдеге бірден сенбей, ақпаратты ресми дереккөздерден тексерген дұрыс. Өз қаражатыңа жауапкершілікпен қарау әр азамат үшін маңызды.
Нұрлан Бақытжанұлы



