Қару қолданудағы жауапкершілік

Заңсыз қару сақтау немесе пайдалану — қоғамға үлкен қауіп төндіретін құқық бұзушылық.

Қару — дұрыс қолданылмаған жағдайда адамның өмірі мен денсаулығына ауыр зиян келтіруі мүмкін қауіпті зат. Сондықтан оны сақтау мен пайдалануға мемлекет тарапынан белгілі бір талаптар қойылуы заңды деп есептеймін.

 Қару иесі оны заңда белгіленген тәртіппен ғана сақтап, пайдалануы керек деп ойлаймын. Егер адамның қаруды иеленуге немесе пайдалануға тиісті рұқсаты болмаса, оны сақтауы немесе қолдануы жауапкершілікке әкелуі мүмкін. Сондықтан заңды білмеу немесе қауіптің салдарын түсінбеу құқық бұзушылықты ақтай алмайды.

 Сонымен қатар қаруға байланысты жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру маңызды. Адамдар қарудың ойыншық емес екенін, онымен абайсыз әрекеттің өзі ауыр салдарға әкелуі мүмкін екенін түсінуі керек. Қоғамда қаруды заңсыз айналымнан қорғау және қауіпсіздік ережелерін сақтау — барлығымызға ортақ міндет. Қару мәселесінде заң талаптарын орындау — тек жеке адамның емес, бүкіл қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды шарты.

 

                 Гүльаим Буранбаева

   «БЖЗҚ» АҚ облыстық филиалының барып қызмет көрсету бөлімінің бастығы

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT