“Таза Қазақстан” акциясы аясында ауданымызда абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары қарқынды түрде жалғасуда.
Қала келбетін жақсартып, тұрғындарға жайлы орта қалыптастыру мақсатында 3 ықшам аудан аллеясында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, аумаққа автоматты суару жүйесі орнатылып, көгалдандыру жұмыстары қолға алынды. Сонымен қатар, аллея аумағына газон егіліп, көріктендіру жұмыстары атқарылды.
Мұндай игі бастамалар қоршаған ортаның тазалығын сақтап қана қоймай, қаламыздың эстетикалық келбетін арттыруға зор үлес қосады.
Аудан әкімінің орынбасары Ерлан Нұрланов


