Заң мен тәртіп қағидаты – халықтың қауіпсіз әрі бейбіт өмір сүруіне бағытталған маңызды ұстаным.
Қай жерде болмасын заң талаптары бірдей орындалып, әр азамат өз әрекетіне жауап бере білуі тиіс. Бүгінде қоғамда құқық бұзушылықтың алдын алу, алаяқтықпен күресу, жастар арасындағы тәртіп мәселелеріне ерекше көңіл бөлінуі қажет.
Әрбір тұрғын айналасындағы адамдарға құрметпен қарап, қоғамдық тәртіпті сақтауға үлес қосса, өмір сүру ортасы да қауіпсіз бола түседі. Меніңше, заңды білу ғана емес, оны күнделікті өмірде орындау маңызды. Тәртіп бар жерде береке, өзара сыйластық пен сенім болады.
Бүгінгі таңда қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыру, жастарды жауапкершілікке тәрбиелеу және құқықбұзушылықтың алдын алу ерекше мәнге ие. Әр адам өз әрекетінің салдарын түсініп, айналасына құрметпен қарауы қажет. Отбасында, білім беру орындарында және қоғамдық ортада тәртіп пен жауапкершілікке баулу – ортақ міндетіміз. Заңды құрметтеу, әділдікті қолдау және жауапкершілікті сезіну арқылы біз еліміздің дамуына өз үлесімізді қоса аламыз.
Ернар Амангелді




