Бүгінде елімізде заң үстемдігін қамтамасыз ету, қоғамдық қауіпсіздікті нығайту және құқықтық мәдениетті қалыптастыру бағытында түрлі жұмыстар жүргізілуде.
Бұл бастамалардың халық үшін маңызы зор. Өйткені әрбір адам өзі өмір сүріп жатқан ортада тыныштық пен қауіпсіздікті сезінгісі келеді.
Әсіресе, жастар тәрбиесіне ерекше көңіл бөлу қажет. Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстарын тұрақты жүргізілуі тиіс. Сонымен қатар ата-аналар да бала тәрбиесіне бейжай қарамай, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға атсалысуы керек.
Заң алдында барлығы бірдей жауапты болуы тиіс. Қандай жағдай болмасын, мәселені күшпен емес, заң аясында шешу – құқықтық мәдениеттің белгісі. Әр азамат өз құқығын біліп, міндетін орындаса, қоғамда әділдік пен өзара құрмет қалыптасады. Сондықтан «Заң және тәртіп» қағидатын қолдау – еліміздің болашағы үшін жасалатын маңызды қадам.
Ақгүл Әлібекова




