Менің ойымша, тұрмыстық зорлық-зомбылықты «отбасылық мәселе» деп үнсіз қалдыруға болмайды.
Отбасы – адам өзін қауіпсіз әрі еркін сезінетін орын болуы керек.
Зорлық-зомбылық тек денеге күш көрсету емес. Адамды қорқыту, кемсіту, балағаттау, үнемі бақылауда ұстау, психологиялық қысым көрсету де – үлкен мәселе. Мұндай әрекеттерге көз жұма қарау зорлықтың жалғасуына жол ашуы мүмкін.
Отбасындағы сыйластық күшпен емес, түсіністікпен қалыптасады. Әр адам қауіпсіз әрі қадірлі өмір сүруге құқылы. Сондықтан тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу – тек құқық қорғау органдарының емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті деп есептеймін.
Бауыржан Әбдірахманов
«Жылыой» ЖШС басшысы




