«Таза Қазақстан» акциясын мен жай ғана сенбілік деп қабылдамаймын.
Бұл – адамның туған жеріне деген көзқарасын көрсететін жақсы бастама.
Айналамызды тазарту арқылы өзімізге де жауапкершілік жүктейміз. Таза көшеге қарап, көңілің де көтеріліп қалады.
Сондықтан тазалық бір күндік акция емес, күнделікті әдетке айналса екен деймін.
Ақан Аманжолұлы
Аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы



