Өңірлік ынтымақтастық – ортақ мүдде

 

Мемлекет басшысының Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының бейресми консультативтік кездесуіне қатысуы – өңірлік ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған маңызды қадам деп есептеймін.

Бүгінде көрші елдердің өзара түсіністігі мен бірлескен жұмысы экономиканың, сауданың, көлік-логистиканың, туризм мен мәдени-гуманитарлық байланыстың дамуына оң ықпал етеді. 

 Осындай жоғары деңгейдегі кездесулерде талқыланатын бастамалар болашақта халықтың тұрмыс сапасын жақсартып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады деп сенемін. Қазақстанның халықаралық аренадағы беделінің артып, өңірлік тұрақтылық пен өзара сенімнің нығаюына үлес қосып жүргені қуантады. 

Мұндай кездесулер елдер арасындағы достық қарым-қатынасты бекемдеп қана қоймай, ортақ мәселелерді бірлесіп шешуге де серпін береді. Сондықтан мұндай келіссөздердің нәтижесі қарапайым халықтың игілігіне қызмет етеді деп ойлаймын.

            Аманжол Бағытұлы
      Аудан әкімінің орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT