Интернеттегі құқық бұзушылық


  Киберқылмыс — қазіргі замандағы ең өзекті құқық бұзушылықтардың бірі. Технологиялар мен интернеттің дамуы адамдардың өмірін жеңілдеткенімен, оны заңсыз мақсатта пайдаланатын адамдар да көбейіп келеді. Киберқылмыстарға жеке мәліметтерді ұрлау, интернет арқылы алаяқтық жасау, аккаунттарды бұзу және жалған ақпарат тарату сияқты әрекеттер жатады.
 Киберқылмыстың басты қаупі — адамның жеке өміріне, қаржылық қауіпсіздігіне және беделіне зиян келтіруі. Кейбір адамдар интернеттегі қауіпсіздік ережелерін сақтамағандықтан, алаяқтардың құрбаны болуы мүмкін. Сондықтан әрбір адам жеке ақпаратын қорғап, күмәнді сілтемелерге өтпеуі және интернетті жауапкершілікпен пайдалануы қажет.
 Менің ойымша, киберқылмыспен күресу үшін тек заңдар жеткіліксіз. Әр адам цифрлық сауаттылығын арттырып, интернеттегі қауіпсіздік талаптарын білуі керек. Сонымен қатар киберқылмыс жасаған адамдар заң алдында жауап беруі тиіс, себебі олардың әрекеті басқа адамдарға үлкен зиян келтіруі мүмкін.

                                                    Бейбарыс Қойшыұлы
                         «Жылыой мерген» клубының вице-президенті

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT