Буллинг және кибербуллинг — адамға ең қатты әсер ететін зиянды әрекеттердің бірі.
Буллинг көбіне мектепте немесе ортада тікелей қорлау, мазақ ету, күш көрсету арқылы көрінеді, ал кибербуллинг интернетте, әлеуметтік желілерде адамның ар-намысына тиетін сөздер жазу немесе оны көпшілік алдында келемеждеу арқылы жүзеге асады.
Мұндай әрекеттер адамның психологиясына ауыр соққы береді. Ол өз-өзіне сенімін жоғалтып, жалғыздық сезіміне ұшырауы мүмкін. Кей жағдайда бұл өте ауыр салдарға да әкеледі.
Менің ойымша, әр адам бір-бірін құрметтеп, мейірімді болуға тырысуы керек. Интернетте де, өмірде де жауапкершілік сақталып, қорлау мен мазақтауға жол берілмеуі тиіс. Буллингке қарсы тұру — әр адамның міндеті.
Аида Мұратова
Мобилограф


