Интернет алаяқтықтың зардабы

Алаяқтар бүгінде  адамдарды алдап, олардың ақшасын немесе мүлкін заңсыз жолмен иемденеді. Қазіргі технология дамыған заманда интернет арқылы жасалатын алаяқтық түрлері көбейіп кетті.

Телефон арқылы жалған хабарласу, банк картасының деректерін сұрау немесе жалған сайттар арқылы адамдарды алдау – соның мысалы.

Алаяқтықтың ең үлкен зияны – адамдардың бір-біріне деген сенімін азайтуы. Көптеген адамдар алаяқтардың құрбаны болып, қаржылық қиындыққа тап болады. Кейде олар психологиялық күйзеліске де ұшырайды. Әсіресе қарт адамдар мен интернетті жақсы білмейтін азаматтар алаяқтардың арбауына жиі түседі.

Менің ойымша, алаяқтықтың алдын алу үшін әр адам сақ болуы керек. Бейтаныс адамдарға жеке мәліметтерді бермеу, күмәнді хабарламаларға сенбеу және ақпаратты мұқият тексеру маңызды. Сонымен қатар мемлекет тарапынан заңның күшеюі мен халыққа түсіндіру жұмыстары да қажет деп есептеймін. 


                                    Нұрдәулет Ақназаров

               Жылыой ауданы әкімінің келісім кеңесі төрағасы 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT