Қазіргі таңда интернет алаяқтық деректері жиілеп барады. Алаяқтар түрлі тәсілдер арқылы азаматтардың жеке мәліметтері мен қаражатын иемденуге тырысуда.
Олар өздерін банк қызметкері, құқық қорғау органы немесе таныс адам ретінде таныстырып, күмәнді сілтемелер жіберуі мүмкін. Интернеттегі қауіпсіздік әр азаматтың жауапкершілігі. Сақтық шараларын сақтау арқылы өзіңізді және жақындарыңызды алаяқтардың арбауына түсуден қорғай аласыз.
Болашақ Дауренов



