Интернет алаяқтық – заманның жасырын қылмысы

Қазіргі таңда Қазақстан бойынша интернет алаяқтық деректері көбейіп, бұл құбылыс азаматтардың қауіпсіздігіне үлкен қауіп төндіруде. Цифрлық технологиялардың дамуы адамдардың өмірін жеңілдеткенімен, оны өз пайдасына асыратын алаяқтардың да саны артты.

Олар түрлі сайттар, әлеуметтік желілер және мессенджерлер арқылы азаматтарды алдап, олардың жеке мәліметтері мен қаржысын иемденуге тырысады.

Интернет алаяқтар көбіне банк қызметкері, құқық қорғау органы немесе таныс адам ретінде хабарласып, сенімге кіреді. Сонымен қатар, жалған интернет-дүкендер ашып, арзан бағада тауар ұсынып, алдын ала төлем талап етеді. Кей жағдайда олар жалған сілтемелер жіберіп, азаматтардың банк картасы деректерін алуға әрекет жасайды.

Мұндай құқықбұзушылықтардың алдын алу үшін әр азамат интернетті пайдалану кезінде мұқият болуы қажет. Бейтаныс адамдарға жеке мәліметтерді, банк картасының нөмірін немесе құпия кодтарды беруге болмайды. Күмәнді сілтемелерге өтпеу, тек ресми және сенімді сайттарды пайдалану – қауіпсіздіктің басты кепілі.

Рашид Ерғалиев

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT