Интернет алаяқтық – цифрлық замандағы қауіп

Интернеттің дамуы өмірді жеңілдеткенімен, сонымен қатар жаңа қауіп түрлерін де әкелді. Соның бірі – интернет алаяқтық. Бүгінде адамдардың жеке мәліметін ұрлау, жалған сайттар арқылы ақша иемдену, әлеуметтік желіде алдау сияқты жағдайлар жиілеп кетті.

«Заң және тәртіп» қағидасы цифрлық кеңістікте де маңызды рөл атқарады. Интернет алаяқтық – қылмыс болып есептеледі және заңмен қатаң жазаланады. Бірақ тек заң ғана емес, әр адамның цифрлық сауаттылығы да үлкен қорғаныс құралы. Күмәнді сілтемелерге кірмеу, бейтаныс адамдарға карта деректерін бермеу, ресми емес сайттарға сенбеу – қарапайым, бірақ өте маңызды ережелер.

Алаяқтар көбіне адамның сенгіштігін және асығыстығын пайдаланады. «Жеңіл пайда», «жедел ұтыс», «тегін бонус» сияқты ұсыныстардың артында жиі алдау жатады. Сондықтан әр адам ақпаратты тексеріп, сақтықпен әрекет етуі керек.

Абзал Мұратұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT