Қазіргі цифрлық дәуірде интернет-алаяқтық жағдайлары жиілеп келеді. Алаяқтар түрлі әдістер арқылы азаматтардың жеке мәліметтерін алып, ақшасын заңсыз иемденуге тырысады.
Олар өзін банк қызметкері, құқық қорғау органы немесе түрлі ұйымдардың өкілі ретінде таныстырып, адамдарды алдап соғады.
Интернет қолданушылары бейтаныс адамдарға жеке деректерін, банк картасының нөмірін, SMS арқылы келген кодтарды бермеуі керек. Күмәнді сілтемелерге өтуден және белгісіз сайттар арқылы төлем жасаудан сақтанған жөн. Интернеттегі қауіпсіздік – әр адамның жеке жауапкершілігі. Сондықтан қырағылық танытып, алаяқтардың арбауына түспеу үшін ақпараттық сауаттылықты арттыру қажет. Қарапайым сақтық шараларын сақтау арқылы қаржылық шығындардың алдын алуға болады.
Абай Жұмабайұлы



