«Таза Қазақстан» акциясын жақсы бастама деп есептеймін.
Себебі тазалық адамның көңіл-күйіне де, күнделікті өміріне де әсер етеді. Таза көшеде жүріп, абаттандырылған аулада отырған әр адам өзін жайлы сезінеді.
Осындай жұмыстарға тұрғындардың бірге атсалысып жүргені қуантады. Біріміз ауламызды тазаласақ, біріміз ағаш отырғызсақ, енді біріміз айналамызға шашылған қоқысты жинасақ – мұның бәрі туған жеріміздің көркеюіне қосылған үлес.
Меніңше, елді мекеннің тазалығы тек коммуналдық қызметке қарап қалмай, әр тұрғынның өзінен басталуы керек. Өзіміз тұратын жерді таза ұстасақ, балаларымызға да жақсы үлгі көрсетеміз. «Таза Қазақстан» акциясы осы жауапкершілікті қалыптастыруға себеп болып жатыр деп ойлаймын.
Жанар Қазиева
Отбасын қолдау орталығының директоры




