«Таза Қазақстан» жобасы — еліміздегі әрбір азаматтың жүрегінен орын алуы тиіс өте игі бастама. Мен бұл эколайыфстайл (экологиялық өмір салты) қозғалысын толықтай қолдаймын.
Қоршаған ортаны қорғау тек сенбіліктермен шектелмей, біздің күнделікті мәдениетімізге айналуы керек. Осы акцияның арқасында қалаларымыз бен ауылдарымыз тазарып, жаңа кейіпке еніп жатқанын көру үлкен қуаныш. Әсіресе, жастардың бұл іске белсене араласып, табиғатқа жанашырлық танытуы болашаққа деген сенімді ұялатады. Біз тек қоқыс жинап қана қоймай, қоқыс тастамауды да үйренуіміз қажет. Әр адам өзі тұратын үйдің ауласын таза ұстаса, тұтас ел таза болары сөзсіз. Келіңіздер, бұл бастаманы бір сәттік науқан қылмай, әдемі дәстүрге айналдырайық! Тазалықты өзімізден бастап, жасыл әрі жайлы Қазақстанды бірге құрайық!
Сәлімжан Абдолов




