Есірткінің зардабы – ұлтқа қауіп

Есірткі – адамның денсаулығына ғана емес, оның болашағына, отбасы мен қоғамға да үлкен зиян келтіретін қауіпті індет. Менің ойымша, есірткінің кез келген түрінен аулақ болған жөн.

 Себебі ол адамды тәуелділікке ұшыратып, өмір сүру сапасын төмендетеді, түрлі ауруларға шалдықтырады және қылмысқа итермелеуі мүмкін. Әсіресе жастардың саналы болып, бос уақытын пайдалы істерге арнауы маңызды. 

Спортпен шұғылдану, білім алу және салауатты өмір салтын ұстану – есірткіден қорғанудың ең тиімді жолы. Сондықтан әрбір азамат өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, есірткіге қарсы күреске үлес қосуы қажет деп есептеймін.

  Ержан Қуанұлы

«Ауыл» партиясы Жылыой аудандық филиалының төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT