Есірткінің адам өміріне әкелетін зардабы ауыр.
Бір сәттік қызығушылықтың өзі үлкен мәселеге айналып, адамның денсаулығына, отбасына және болашағына кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан бұл мәселеге қоғам болып қарсы тұруымыз қажет.
Әсіресе жастар арасында есірткінің зияны туралы түсіндіру жұмыстарының маңызы зор. Ата-ана, ұстаз, құқық қорғау органдары және қоғам өкілдері бірлесіп жұмыс істегенде ғана алдын алу шаралары нәтижелі болады. Жастардың дұрыс орта қалыптастырып, спорт пен шығармашылыққа қызығушылығын арттыру да маңызды.
Ерлан Қабдолов




