Есірткі – қоғамға да, жеке адамға да ең ауыр зиян келтіретін қауіпті заттардың бірі. Ол адамның денсаулығын әлсіретіп, санасын улап, өмірін қысқартады.
Есірткі тек адамның өзіне ғана емес, оның отбасына да үлкен қайғы әкеледі. Мұндай жағдайда адамдар оқуын, жұмысын тастап, қылмысқа дейін баруы мүмкін. Сондықтан бұл мәселенің алдын алу өте маңызды.
Менесірткіге қарсы күрес тек құқық қорғау органдарының емес, бүкіл қоғамның міндеті деп ойлаймын. Жастарға дұрыс тәрбие беру, салауатты өмір салтын насихаттау және зияны туралы жиі түсіндіру жұмыстары жүргізілуі керек.
Нұрайым Батыр
Жастар ресурстық орталығының маманы


