Есірткі – қоғам қауіпсіздігіне төнген қауіп

Есірткі заттарының заңсыз айналымы – қоғамға үлкен зиян келтіретін өзекті мәселелердің бірі. Есірткі адам денсаулығына ғана емес, оның өміріне, отбасына және айналасындағы адамдарға кері әсерін тигізеді. Сондықтан есірткіге қарсы күрес – тек құқық қорғау органдарының міндеті емес, барша азаматтың ортақ жауапкершілігі.

Менің ойымша, бұл мәселенің алдын алуда жастарға дұрыс бағыт-бағдар беру, салауатты өмір салтын насихаттау және құқықтық түсіндіру жұмыстарын күшейту маңызды. Әр адам өз болашағына жауапкершілікпен қарап, зиянды әдеттерден аулақ болуы керек.

Есірткі қылмысына жол бермеу үшін қоғам болып бірлесе әрекет етуіміз қажет. Заңды құрметтеу, жақындарымызға қамқор болу және қауіпсіз орта қалыптастыру – әр азаматтың міндеті. Тек бірліктің арқасында есірткісіз, салауатты қоғам құра аламыз.

                           Бибігүл Нұрланқызы                      
                                   
  «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының жетекшісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT