Есірткі қолдану – адам денсаулығына ғана емес, қоғамның қауіпсіздігіне де үлкен қатер. Ол адамның өмірін бұзып, денсаулығын әлсіретіп, отбасылардың тағдырына ауыр зардап әкеледі. Әсіресе жастар арасында есірткінің зияны туралы түсіндіру жұмыстарын күшейту маңызды. Әрбір жас өз болашағын ойлап, зиянды әдеттерден аулақ болуы керек. Салауатты өмір салтын насихаттау және спортпен айналысу – есірткіге қарсы күрестегі маңызды қадамдардың бірі. Денсаулық пен жарқын болашақ – кез келген тәуелділіктен әлдеқайда құнды.
Надира Берікова



