Ел сенімі – үлкен жауапкершілік

Құрылтайдың Олжас Бектеновті Премьер-министр лауазымына тағайындауға келісім беруін маңызды шешім деп қабылдаймын. Үкімет басшысы болу – үлкен жауапкершілікті талап ететін қызмет.

Бұл лауазымда ел экономикасын дамыту, халықтың тұрмысын жақсарту, әлеуметтік мәселелерді шешу сияқты маңызды міндеттер тұр.

 

Менің ойымша, жаңа Премьер-министр Мемлекет басшысы айқындаған міндеттерді сапалы жүзеге асырып, халықтың көкейіндегі мәселелерге нақты көңіл бөлуі қажет. Ел тұрғындары үшін ең маңыздысы – қабылданған шешімдердің күнделікті өмірде нақты нәтижесін көру.

 

Олжас Бектеновке жаңа қызметінде табыс тілеймін. Ел игілігі үшін атқарған жұмысы нәтижелі болады деген сенімдемін.

 

                 Нұрдәулет Ақназаров

 

          Жазушылар одағының мүшесі

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT