Қоғамның тұрақты дамуы мен адамдардың қауіпсіз өмір сүруі ең алдымен заң мен тәртіптің сақталуына байланысты.
Заң – бұл мемлекет белгілеген ережелер жиынтығы болса, тәртіп – сол заңдарды орындау мәдениеті. Екеуі бір-бірімен тығыз байланысты ұғымдар. Заңның басты мақсаты – адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау. Әрбір азамат заң алдында тең және оның талаптарын орындауға міндетті. Егер заң сақталмаса, қоғамда тәртіпсіздік орнап, адамдардың өміріне қауіп төнуі мүмкін. Тәртіп – адамның ішкі мәдениеті мен жауапкершілігінің көрінісі. Тәртіпті адам қоғамдық орындарда өзін дұрыс ұстап, өзгелердің құқығын құрметтейді. Мұндай қасиеттер қоғамда өзара сыйластық пен сенімді қалыптастырады.
Заң мен тәртіпті сақтау тек құқық қорғау органдарының ғана емес, әрбір азаматтың міндеті. Әсіресе жастар заңға құрметпен қарап, тәртіпті өмір салтын ұстануы қажет. Себебі бүгінгі жас – ертеңгі елдің тірегі.
Диана ІЗБАСАРҚЫЗЫ


