Ел дамуына бағытталған маңызды шешім

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ерлан Қаринді Қазақстанның вице-президенті қызметіне ұсынуы – елдің саяси жүйесі үшін маңызды шешім деп ойлаймын.

Ерлан Қариннің мемлекеттік қызметтегі тәжірибесі мен елдің қоғамдық-саяси үдерістерін жетік білуі жаңа қызметінде өз міндетін тиімді атқаруына мүмкіндік береді.

 

Президенттің бұл шешімі мемлекеттік басқарудағы сабақтастықты сақтап, елдің тұрақты дамуына бағытталған қадам деп бағалаймын. Жаңа қызметінде Ерлан Қарин халықтың мүддесін басты орынға қойып, Мемлекет басшысы айқындаған стратегиялық міндеттерді жүзеге асыруға өз үлесін қосады деген сенімдемін.

 

                    Асулан Абдрахманов

             Аудандық орталық аурухананың басшысы

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT