Экономикалық әріптестік көкжиегі кеңейіп келеді

Меніңше, Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық әріптестіктің нығаюы екі ел үшін де тиімді. 

Мемлекет басшысының қытайлық ірі компаниялар басшыларымен кездесуі инвестиция тартуға, жаңа өндірістер ашуға және экономиканың түрлі салаларын дамытуға мүмкіндік береді. Әсіресе, сауда, өнеркәсіп, логистика және жоғары технологиялар бағытындағы ынтымақтастықтың кеңеюі еліміздің экономикалық өсіміне оң әсер етеді деп ойлаймын. 

Ең бастысы, мұндай кездесулер Қазақстанның халықаралық беделін арттырып, шетелдік инвесторлардың сенімін күшейтуге ықпал етеді.

        Аманжол Бағытұлы
      Аудан әкімінің орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT