Қазіргі таңда экология мәселесі бүкіл әлемді алаңдатып отыр. Табиғаттың ластануы, қоқыстың көбеюі, ауа сапасының төмендеуі адам денсаулығына да әсер етуде. Осындай кезде елімізде ұйымдастырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының маңызы ерекше.
Бұл акция тек сенбілік өткізу емес, халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама деп ойлаймын. Әсіресе жастардың белсенді қатысуы қуантады. Өйткені табиғатты қорғау – әр азаматтың міндеті. Айналаны таза ұстау арқылы біз өзіміздің өмір сүру сапамызды жақсартамыз. Меніңше, мұндай акциялар жиі ұйымдастырылып тұруы керек. Егер әр адам өз ауласын, өз көшесін таза ұстаса, еліміз де көркейе түседі. «Таза Қазақстан» – тек бүгінгі емес, келешек ұрпақ үшін қажет маңызды жоба.
Ізбасар Хонашев, Жылыой ауданы тұрғыны


