«Таза Қазақстан» акциясы — қоршаған ортаны қорғауға, елді мекендерді таза ұстауға және халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған өте маңызды бастама деп ойлаймын. Тазалық тек сенбілікке шығу емес, ол әр адамның күнделікті өмір салтына айналуы керек.
Аталмыш акция адамдарды табиғатты аялауға, қоқысты бейберекет тастамауға және туған жерге жанашырлықпен қарауға тәрбиелейді. Мұндай игі шараға жастардың белсенді қатысуы маңызды. Себебі болашақта еліміздің таза әрі көрікті болуы — жас ұрпақтың санасына байланысты. «Таза Қазақстан» акциясы қоғамды біріктіріп, ортақ жауапкершілікті сезінуге көмектеседі.
Анарбек Есенияз
Аудандық мәслихат дептутаты


