"Таза Қазақстан акциясы" — қоғам үшін өте маңызды бастама деп есептеймін. Бұл акция адамдарды қоршаған ортаны таза ұстауға, табиғатты қорғауға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға шақырады.
Бір қуантатын жағдай жастардың сенбіліктерге қатысып, көшелер мен саябақтарды тазалауы — елге деген жанашырлықтың белгісі.
Одан бөлек, мұндай шаралар тек бір күндік тазалықпен шектелмей, халықтың күнделікті әдетіне айналуы керек деп ойлаймын.
Әр адам өз ауласын, көшесін таза ұстаса, еліміздің экологиялық жағдайы да жақсара түседі. «Таза Қазақстан» акциясы адамдардың жауапкершілігін арттырып, табиғатқа деген құрметін күшейтеді.
Ақбөбек Сәттіғұлқызы
Жылыой аудандық орталық ауруханасы фтизиатрия бөлімше меңгерушісі



