Экологиялық тұрақтылық - мемлекет дамуының кепілі

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы қоғамның даму деңгейін көрсететін маңызды стратегиялық бастама болып табылады.

Ол тек аумақтарды тазалап қана қоймай, елдің жасыл экономикаға өтуіне берік негіз қалайды. Бизнес қауымдастық өкілдері ретінде біз де бұл жобаға қосылып, өндірісте экологиялық стандарттарды енгізудеміз. Қалалар мен ауылдарды абаттандыру жұмыстары өңірлердің туристік және инвестициялық тартымдылығын арттырады. Жоба аясында мыңдаған көшеттер отырғызылып, жасыл белдеулердің аумағы кеңейіп жатқаны көңіл қуантады. Экологиялық мәселелерді жүйелі түрде шешу мемлекет пен қоғамның бірлескен жұмысын талап етеді. Сондықтан мұндай бағдарламалардың ұзақмерзімді сипатқа ие болуы өте маңызды. Таза қоршаған орта – халықтың өмір сүру ұзақтығы мен денсаулығының басты кепілі. Әрбір мекеме мен кәсіпорын өз аумағының тазалығына жауапкершілікпен қарауы тиіс. Осы бастаманың арқасында Қазақстан әлемдік аренада экологиялық мәдениеті жоғары мемлекет ретінде таныла түседі.

 

Түгелбай Махамбетов

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT