Экологиялық мәдениет адамның табиғатқа деген көзқарасынан басталады. «Таза Қазақстан» акциясы осы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған игі бастамалардың бірі. Акция барысында мыңдаған азамат сенбіліктерге қатысып, қоғамдық орындарды тазалап, көшеттер отырғызуда. Мұндай шаралар адамдарды ортақ іске жұмылдырып, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттырады. Әсіресе мектеп оқушылары мен студенттердің белсенділігі қуантады, өйткені табиғатты қорғау мәдениеті жас кезден қалыптасады.
Экологиялық тәрбие отбасы мен білім беру ұйымдарында тұрақты түрде жүргізілуі қажет. «Таза Қазақстан» сияқты акциялар тек белгілі бір кезеңде ғана емес, жыл бойы жалғасатын игі дәстүрге айналса, еліміздің табиғаты да, қалалары мен ауылдары да әлдеқайда таза әрі көрікті болар еді.
Бекарыс Елеусінов, Жылыой ауданы тұрғыны



